Залалсыздандырылған террорист саны 2083-ке ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында өлтірілген террорист саны 2083-ке жетті.

919199
Залалсыздандырылған террорист саны 2083-ке ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында өлтірілген террорист саны 2083-ке жетті.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 2083-ке ұласты.

Бас Штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Зәйтүн бұтағы операциясы аясында бүгін жасалған әуе және құрлық операциялары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшесі тағы 24 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде операцияның 20 қаңтар күні басталғаны, залалсыздандырылған террорист санының болса 2083-ке ұласқанын атап көрсетті

Бас Штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар