Түркия Ходжалы қырғынын қатал түрде айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 26 жылдығына» орай мәлімдеме жасады.

918188
Түркия Ходжалы қырғынын қатал түрде айыптады

Сыртқы істер министрлігі Ходжалы қырғынының 26 жылдығына» орай мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрлігі «Ходжалы қырғынының 26 жылдығына» орай жасаған жазбаша мәлімдемесінде Армения Республикасы жасақтары 1992 жылы 26 ақпан күні Әзірбайжанның Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы ауданына шабуыл жасағанын білдірді. Сонымен қатар мәлімдемеде осы шабуылдарда Армения әскерлерінің әйел мен балалар болып мыңдаған Әзірбайжан азаматын аяусыз қырғанын, шамамен 1,5 миллион адамның қоныс аударуына себеп болғанын атап көрсетті.

Мәлімдемеде Таулы Қарабахтағы зұлматтың бүкіл әлемнің көз алдында жасалғанын атап, қазіргі таңда Еуропадан бастап халықаралық қоғамның мәселенің шешімі үшін әділ қозғалмағанына назар аударды.

Мәлімдемеде «Түркия болып әзірбайжандық бауырларымыздың бұдан 26 бұрын Ходжалыда душар болған опасыз қырғынды әр қашан жүрегінің түбірінде сезінуде және осы қайғыны бөлісуде. Осы қырғынды және Әзірбайжан территорияларының талай жылдан бері жаулауын қатал түрде айыптаймыз. Осы трагедияда қаза тапқан барлық бауырларымызға көңіл айтамыз» делінді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар