Ердоған Африка турына шығады

Ердоған Алжир, Мавритания, Сенегал және Малиді қамтыған Африка турына шығады.

917311
Ердоған Африка турына шығады

Ердоған Алжир, Мавритания, Сенегал және Малиді қамтыған Африка турына шығады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Алжир, Мавритания, Сенегал және Малиді қамтыған Африка турына шығады.

Президенттік баспасөз орталығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ердоған Африка турын 26 ақпан және 02 наурыз күндері аралығында жүзеге асырады.

Ердоғанның Африка сапарында экономика басты күн тәртіпте болады. Президент Ердоған баратын елдердің лидерлеріне Біріккен Ұлттар Ұйымында желтоқсан айында өткізілген Иерусалимнің мәртебесінің қорғалуында болымды дауыс бергені үшін алғыс айтады.

Ердоған Түркияның Африкада терең тарихи байланысы болған және маңызды экономикалық одақтастарының бірі Алжирді «президент» ретінде екінші мәрте зиярат етеді.

Ердоған 28 ақпан сәрсенбі күні  Мавританияға барады және одан кейін Сенегалда екі жақты кездесу өткізеді.  

Президент Режеп Тайып Ердоғанның соңғы аялдамасы болса терең тарихи және мәдени байланыс болған Малиге барады.

Ердоғанның сапары аясында Алжир мен Сенегалда бизнес форумдары да ұйымдастырылады.

 


Этикеттер: #Африка , #Алжир , #Мали

Ұқсас жаңалықтар