Залалсыздандырылған содыр саны мың 829-ға ұласты

Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содыр саны мың 829-ға ұласты.

915651
Залалсыздандырылған содыр саны мың 829-ға ұласты

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содыр саны мың 829-ға ұласты.

Бас Штаб Басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда операция аясында террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшесі террористтерге бағытталған құрлық пен әуе операциялары жалғасуда.

Мәлімдемеде операцияның 20 қаңтар күні басталғаны, залалсыздандырылған террорист санының болса 1 мың 829-ға ұласқанын атап көрсетті.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Африннің оңтүстік батысындағы Жиндерес ауданына қарасты Телль-Дилур ауылы мен Африннің солтүстігіндегі Микдад және Али Раджу ауылдарын бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-дан құтқарды.

Осылайша Түрік қарулы күштері мен операцияларға қолдау берген Еркін Сирия армиясы күштері операция басталған 20 қаңтар күнінен бастап PYD/PKK-ДАИШ басқыншылығындағы Африннің 5 ауданында біреуі аудан орталығы, 66 ауыл, 6 ауыл маңы тұрғын аймағы, 20-сі стратегиялық тау мен төбе және  YPG/PKK-ның базасы барлығы 94 жерді азат етті. 



Ұқсас жаңалықтар