"Террорлық ұйыммен келіспеді"

Асад әкімшілігі мен террорлық ұйым Африн үшін саудаласқан.

915951
"Террорлық ұйыммен келіспеді"

Вице-премьер және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ Сирия әкімшілігі мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның аймақтағы жалғасы PYD/YPG-нің Африн үшін саудаласқанын,  алайда келісе алмағандарын айтты.

Бекир Боздағ Анадолы агенттігі бағдарламасында өзекті мәселелерге байланысты сұрақтарға жауап берді.

Түркияның өңірдегі террорлық ұйымдар және олардың террористтерін тазалағанға дейін күресін жалғастыратынын білдірген Боздағ: «Егер Афринде әкімшілік киім өзгертіп,  YPG/PYD боп өзгерсе,  онда нысана болады,  қарулы содырлар кірсе,  оларды да бөле жармаймыз.  Осы террорлық ұйымдардың қасында Түрік Қарулы күштеріне қарсы кім соғысса, олар да біздің нысанамызға айналады» деді.

Боздағ Асад әкімшілігі мен YPG/PYD арасында Африн үшін болған саудаластықтың келіспеушілікпен аяқталғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар