Түркия АҚШ-қа тағы бір рет орай берді

Чавушоғлұ Түркияның АҚШ-тан бұдан кейін құр уәде емес, нақтылы қадам басуды қалағанын атап өтті.

913214
Түркия АҚШ-қа тағы бір рет орай берді

Чавушоғлұ Түркияның АҚШ-тан бұдан кейін құр уәде емес, нақтылы қадам басуды қалағанын атап өтті.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның АҚШ әкімшілігіне тағы бір рет орай бергенін білдіріп, «Америка Құрама Штаттарының бұны жақсы пайдаланулары керек» деді.

Иордания Сыртқы істер министрінің шақыруымен Амманға барған Чавушоғлұ бұл жердегі елшілік ғимаратында түрік азаматтарымен бас қосты.

Чавушоғлұ Түркияның шекарасында бүгін өзіне қауіп төнген және болашақта үлкен қатер болатын бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-мен күрескенін білдіріп, Сирияның Африн аймағындағы «Зәйтүн бұтағы операциясының» осы себептен басталғанын еске салды.

Министр Чавушоғлұ «Мақсатымыз Сирияның территорияларын жаулап алу және Сирияның шекара тұтастығын бұзу емес. Біз Сирияның территория және шекара тұтастығын баршадан тіпті көп қолдаудамыз. Біздің жасырын жоспарымыз жоқ» деді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен астана Анкарада кездескеніне де тоқталған Чавушоғлұ Түркияның АҚШ-тан бұдан кейін құр уәде емес, нақтылы қадам басуды қалағанын атап өтті.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Иордания , #Анкара

Ұқсас жаңалықтар