Афринде тағы 3 ауыл террор ұйымынан тазаланды

Зәйтүн бұтағы операциясы аясында тағы 3 ауыл террор ұйымынан құтқарылды.

913115
Афринде тағы 3 ауыл террор ұйымынан тазаланды

Түрік қарулы күштерінің Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында 20 қаңтар күнінен бері залалсыздандырылған содыр саны 1 мың 641-ке ұласты.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясының Африннің Икидам, Шелтах және Мерсева ауылдарын PYD/PKK-дан құтқарғанын жариялады.

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы аясында тағы 3 ауыл террор ұйымынан құтқарылды.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Африннің батысындағы Раджу ауданына қарасты Йукары Хаджыканлы және Дервиш Обасы ауылдарын бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-дан құтқарды.

Түрік қарулы күштері мен операцияларға қолдау берген Еркін Сирия армиясы күштері операция басталған 20 қаңтар күнінен бастап PYD/PKK басқыншылығындағы Африннің 5 ауданында біреуі аудан орталығы, 50 ауыл, 3 ауыл маңы тұрғын аймағы және 17-сі стратегиялық тау мен төбе 71 жер азат етілді.

Еркін Сирия армиясы Йукары Хаджыканлы ауылында іздестіру жұмыстары барысында 1 әйел террористі ұстады.

Операция аясында Дармык тауында террор ұйымы PYD/PKK-ға тиесілі баспана мен үңгірлер жойылды. Аймақтық шекараларда қоныстанған әскери жасақтар Фортуна гаубицаларымен нысаналарды атқылады.



Ұқсас жаңалықтар