Еуропа Одағы операцияға қолдау беру керек

Челик Зәйтүн бұтағы операциясының Түркиямен қатар Еуропаның да қауіпсіздігін сақтағанын айтты.

912238
Еуропа Одағы операцияға қолдау беру керек

Челик Зәйтүн бұтағы операциясының Түркиямен қатар Еуропаның да қауіпсіздігін сақтағанын айтты.

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағында жүргізген Зәйтүн бұтағы операциясының Түркиямен қатар Еуропаның да қауіпсіздігін сақтағанын айтты.

Болгарияның астанасы Софияда ұйымдастырылған Еуропа Одағы бейресми сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін мәлімдеме жасаған Өмер Челик жиналыста Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты егжей-тегжейлі мағлұмат бергенін білдіріп, операцияның халықаралық құқыққа сәйкес екенін атап өтті.

Түркияның айналасында бір террор коридорын құруға тырысқанын баяндаған Челик «Осы террор коридорына қарсы қатал наразылық көрсету біздің табиғи құқығымыз болып табылады» деді.

Зәйтүн бұтағы операциясының Түркиямен қатар Еуропаның да қауіпсіздігін сақтағанын айтқан Өмер Челик «Сондықтан одақтастарымыз және Еуропа Одағы Зәйтүн бұтағы операциясына толық қолдау берулері керек» деді. 



Ұқсас жаңалықтар