Сұлтан Абдүлхамит Хан Стамбұлда еске алынды

Президент Ердоған "Сұлтан Абдүлхамит Ханның дүниеден озуының 100 жылдығы" бағдарламасында үн қатты.

908027
Сұлтан Абдүлхамит Хан Стамбұлда еске алынды

Президент Режеп Тайып Ердоған TRT-1 телеарнасынан жарияланған және рейтинг рекордын жаңартқан «Паитахт Абдулхамит» атты теле сериалды әртүрлі тілдерге аударып, бүкіл әлемге жылдам экспорттау керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған Стамбұлдағы Йылдыз сарайында "Сұлтан Абдүлхамит Ханның дүниеден озуының 100 жылдығы" бағдарламасында үн қатты.

Президент Ердоған бір ұлттың болмысын жалғастырып, оған сана мен мінез қосқан нәрсенің біртұтас тарихи оқиғалары екенін түсіндірді.

Түрік тарихын мақтан тұтқанын, кезкелген ұлтта мұндай тарих жоқ екенін атап көрсеткен президент Ердоған өткеннен сабақ алуды ұмытпағандарын білдірді.

Абдүлхамит Ханды ең үлкен көріпкел және стратегиялық тұлғалардың бірі ретінде қабылдағанын атап айтқан президент Ердоған Абдүлхамит Хан айтқан «Бірлік пен ынтымақтастық бар күшті жеңеді» сөзі қазір де мемлекет пен халық ретінде барлық жұмыстарымызда жетекшіміз болуда.

«Паитахт Абдулхамит» атты теле сериалды көрерменнің назарына ұсынған ТРТ-ге алғысын білдірген Ердоған бұл сериалды бүкіл әлемге жылдам экспорттау керектігін атап көрсетті.

Ердоған тарих ғылымдарының докторы профессор Илбер Ортайлының айтуынша әлемнің соңғы жаһан императоры болып қолтаңба қалдырған Сұлтан Абдүлхамит Ханды Алланың рақымшылығымен еске алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар