Хатай мен Килис 9 зымыран шабуылы жасалды

Зымыран шабуылдарында 2 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды.

902581
Хатай мен Килис 9 зымыран шабуылы жасалды

Бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK-ның Сирияның Африн аймағындағы мүшелері тарапынан Хатай және Килиске 9 зымыран шабуылы жасалды. Шабуылда 2 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды.

Хатай губернаторлығы жасаған мәлімдемеде Африн аймағынан Хатайдың Рейханлы ауданына террористердің жалпы 6 әскери оқ-дәрімен шабуылдағаны атап көрсетілді.

Әскери оқ-дәрінің үшеуінің тегіс алаңға құлап жарылғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Жаралы екі азаматымыз ауруханада мерт болды, екеуі ауыр күйде барлығы 16 жаралы азаматымыз әртүрлі ауруханаларда ем қабылдауда» делінді.

Қауіпсіздік күштері зымырандар құлаған жерлерде тергеу жұмыстарын жалғастыруда.

Килис қала орталығына да зымыран шабуыл құлады.

Оқиға орнына барған Килис губернаторы Мехмет Текинарслан қалаға 3 бөлек зымыран шабуылы жасалғанын, біреуі ауыр күйде 3 адамның жарақат алғанын білдірді.

Түрік қарулы күштері зымырандар лақтырылған Африндегі террор нысаналарына бомбалады.

Шекара жасақтары террор ұйымының Африндегі бекіністерін атқылады.



Ұқсас жаңалықтар