Анкарадағы жарылыстың террор шабуылы екені анықталды

Анкарада салық басқармасы ғимаратында кеше болған үлкен жарылыстың террор шабуылы екені айқындалды.

902526
Анкарадағы жарылыстың террор шабуылы екені анықталды

Жарылыстың артынан жүргізілген тергеу барысында оқиғада бомба тетігі қолданылғаны анықталды.

Айналадағы қауіпсіздік камераларын тексерген мамандар бейне көріністерде бір күдіктінің ішінде бомба бар сөмкені ғимаратқа тастағанын анықтады.

Күдіктінің ізіне түскен қауіпсіздік күштері террористің мәйітін тапты. Мамандар террористің PYD/PKK террор ұйымы лагерлерінде жаттықтырғанын және Түркияға заңсыз жолмен кіргенін анықтады.

Оқиғамен байланысты 8 адам әртүрлі қалаларда тергеуге алынды. Шабуылда жарақат алған 3 адамның ауруханадан емделіп шыққаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар