Қорғаныс өнеркәсібі кеңесі президент Ердоған басшылығында жиналды

Қорғаныс өнеркәсібі кеңесі жиналысында жалпы 9,4 миллиард доллар құнындағы 55 жоба бағаланды.

901177
Қорғаныс өнеркәсібі кеңесі президент Ердоған басшылығында жиналды

Қорғаныс өнеркәсібі Атқару кеңесі жиналысында жалпы 9,4 миллиард доллар құнындағы 55 жоба бағаланды.

Қорғаныс өнеркәсібі Атқару Кеңесі жиналысы президент Режеп Тайып Ердоған басшылығында Анқара Бештепедегі президенттік сарайда жиналды.

Президенттік аппарат жиналыстың артынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Қорғаныс өнеркәсібі атқару кеңесінің мәртебесімен байланысты заңдық жаңа реттеудің артынан Кеңестің тұңғыш рет президент Ердоған басшылығында жиналғанына назар аударылды.

Мәлімдемеде «Жиналыста Сирияның Африн аймағындағы террористтерге бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясында армиямыз және қауіпсіздік күштеріміздің күшіне күш қосқан отандық жүйелерімізге жаңаларын қосу мақсатты маңызды жобалар бағаланып, жаңа шешімдер қабылданды» делінді.

Жалпы 9,4 миллиард долларды құраған 55 жоба қолға алынған жиналыста қорғаныс өнеркәсібін жетілдіру, күшейту және қолдау беру мақсатты әртүрлі инвестиция мен модернизациялау жұмыстарының да қолға алынғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар