Калын мәлімдеме жасады

Калын Ердоғанның Бучич және Иззетбеговичпен бас қосуына байланысты мәлімдеме жасады.

899889
Калын мәлімдеме жасады

Калын Ердоғанның Бучич және Иззетбеговичпен бас қосуына байланысты мәлімдеме жасады.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Президент Режеп Тайып Ердоғанның Сербия мемлекет басшысы Александр Вучич және Босния-Герцеговина Президенттік кеңес мүшесі Бакир Иззетбеговичпен Мабейн резиденциясында бас қосқанына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Калын мәлімдемесінде «Сәтті өткен кездесуде Босния-Герцеговинада өмір сүрген босния, серб және хорват болып барлық Балкан халықтары арасында бейбітшілік пен тұрақтылықтың толығымен қамтамасыз етілудің  маңызына тоқталды» деген сөздер қолданды.

Калын кездесуде Түркия,Сербия және Босния-Герцоговина арасындағы саяси, экономика және гуманитарлық қарым-қатынастар мен ортақ жобалардың қолға алынғанын білдірді.

Калын «Үш ел арасында, Балканда жасалатын ортақ жобалар да егжей-тегжейлі талқыланды. Бұл жұмыстардың аймақтың қауіпсіздігі, бейбітшілігі, тұрақтылығы және тыныштығына қосатын үлестің маңызы түсіндірілді» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар