Челик Пиринің ПКК-мен байланысты сөздеріне жауап берді

Челик Еуропа Парламентінің Түркияға жауапты мүшесі Кати Пиринің ПКК-мен байланысты сөздеріне жауап берді.

899299
Челик Пиринің ПКК-мен байланысты сөздеріне жауап берді

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Еуропа Парламентінің Түркияға жауапты мүшесі Кати Пиринің ПКК-мен байланысты сөздеріне жауап берді.

Еуропа Одағы министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Твиттер арқылы Пиринің сөздерін айыптап, «Ойындағыны ашық айтқаны жақсы болды. Қара ниетін аңғардық» деген сөздер қолданды.

Челик Пиринің «Түркия үшін ДАИШ басты қауіп емес, ПКК қауіп» дегеніне назар аударып, «Террорға деген тұғырын ашық білдірді» деді.

Челик «Түркия әрі ДАИШ, әрі ПКК-мен бірдей деңгейде күрескен жалғыз ел. Еуропада көптеген жерде ПКК-ның белсенді рөл атқаруына мүмкіндік жасауда» деген сөздер қолданды. 


Этикеттер: #ПКК , #ДАИШ , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар