Президенттік аппарат АҚШ жасаған мәлімдемені теріске шығарды

Екі ел президенттерінің телефонмен әңгімесінің артынан АҚШ жасаған мәлімдеме теріске шығарылды.

896722
Президенттік аппарат АҚШ жасаған мәлімдемені теріске шығарды

Режеп Тайып Ердоған мен Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың телефон әңгімесінің артынан АҚШ жасаған мәлімдеменің ішкі мазмұнының толық емес екені байқалды.

Трамптың Африн операциясымен байланысты «артып отырған қақтығыстарға алаңданғаны» жайлы айтпағаны, операциямен байланысты көзқарас алмасылғаны атап көрсетілді.

Президент Ердоған АҚШ-тың террор ұйымы PYD/YPG-ге қару қолдауын тоқтату керектігіне назар аударған әңгіме барысында Трамптың енді қару бермегендерін және бермейтіндерін атап көрсетті.

Түркиядағы төтенше жағдай туралы сөз қозғалмағаны және Трамптың «Түркияның зиян тигізетін сөйлемдері» деген сөз қолданбағаны да мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар