Президент шәйіт әскердің жаназа рәсіміне қатысты

Президент Ердоған Түркияның шекараларын атқылаған бірнеше опасызға тыныс алдырмайтындарын білдірді.

895253
Президент шәйіт әскердің жаназа рәсіміне қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның шекараларын атқылаған бірнеше опасызға тыныс алдырмайтындарын білдірді.

Президент Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы «Зәйтүн бұтағы операциясында» кезінде шәйіт болған унтер-офицер Мұса Өзалканның Анкарадағы жаназа рәсіміне қатысты.

Ердоған осында жасаған мәлімдемеде түрік әскерінің қыстың ызғарында террористтерге қарсы үлкен бір күрес жүргізгенін атап, «Бұл операцияны ұлтымыз Еркін Сирия армиясымен бірге жүргізуде. Жеңіске жететінімізге кәміл сенемін. ‘Анау не дейді екен, мынау не дейді екен?

Ол ел қалай ойлайды, бұл ел қалай ойлайды?’ деген сұрақтармен басымызды қатырмаймыз. Бұл жайда шешімді ұлт қабылдайды. Шекараларымызды атқылаған бірнеше опасызға тыныс алдырмаймыз» деді.

Ердоған шәйіттің Талль-Афарда бір мектепке атын беру туралы қалдырған өсиетінің орындалатынын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар