Хатай мен Килиске зымыран және минометпен шабуылдады

PYD/PKK террор ұйымының шабуылда 1 бейбіт адам қаза тапты.

894301
Хатай мен Килиске зымыран және минометпен шабуылдады

Сирияның Африн аймағындағы PYD/PKK террор ұйымы мүшелері Хатайдың Кырыкхан ауданына шабуылдады. Шабуылда 1 бейбіт адам қаза тапты.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда ауданға қарасты Калетепе аумағына миномет оғы құлады.

Сирия шекарасындағы аймаққа өрт сөндіргіш, жандармерия және денсаулық сақтау топтары жіберілді.

Шабуылда жарақат алған 2 адам ауруханаға жеткізілді.

Басқа жағынан Килиcте қала орталығына Сирияның Африн аймағынан атылған 3 зымыран құлады.

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда Африндегі PYD/PKK-лық террористтер тарапынан сағат 15:00-де бірінен соң бірі атылған зымырандардың бірі Казым Карабекир аумағындағы бір ғимараттың шатырына құлады.

Екінші зымыран болса ашық алаңға құласа да жарылмады.

Оқиға орнына жіберілген полиция қызметкерлері айналаны қоршауға алды.

Шабуылдың артынан зымыран шабуылы жасалғаны анықталған нысаналар Фортуна гаубицаларымен атқыланды.



Ұқсас жаңалықтар