"Террор коридорына рұқсат бермейміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Сабах газетіне сұхбат берді.

891376
"Террор коридорына рұқсат бермейміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-ты Сириядағы ұстанымы себепті нысанаға алып, террор коридорына рұқсат бермейтіндерін атап көрсетті.

Ердоған Сабах газетінде жарияланған сұхбатында «Түркия бәрібір Сирияның солтүстігінде террор коридоры құрылуына рұқсат бермейді» деді.

Террор ұйымы ДАИШ пен Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымының (FETÖ/PDY) PKK террор ұйымы және YPG-PYD-нің бір-бірінен бөлек емес екенін қабылдамайтын бір түсініктің террормен күресе алмайтынын тілге тиек еткен президент Ердоған АҚШ-тың барлық террор ұйымдарына қарсы ортақ бір ұстаныммен қозғалу керектігін атап айтты.

Президент АҚШ пен Түркия арасындағы бөлек көзқарастар мәселесін келіссөзбен шешуді қалағанын атап «дегенмен Евфрат қалқаны операциясында болғандай, алаңда әскери инициатива мойындаудан бас тартпауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар