"Түркия өз қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шараларды қолданады"

Президент Ердоған НАТО Бас хатшысымен сөйлесті.

889804
"Түркия өз қауіпсіздігін қорғау үшін қажетті шараларды қолданады"

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Бас хатшысы Столтенбергпен телефонда сөйлесті. 

Ердоған Бас хатшыға "Ұлттық қауіпсіздігімізді қорғау үшін барлық шараны қолданамыз" деді. 

Президенттік аппараттың баспасөзінің хабарына қарағанда, телефон әңгімесінде ДАИШ-пен күрес жаһандық коалициясы мәлімдемешісінің Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK /PYD элементтерімен ауыз жүзіндегі "Сирия шекара қауіпсіздігі күші" құрылатыны туралы сөздеріне тоқталды. 

Президент Ердоған осындай бір күштің құрылуын ешқашан қабылдамайтындарын атап көрсетті. 

Президент осындай бір құрылымның Сирияның бірлігі мен болашағына қызмет етпейтінін атап көрсетті. Ол кейбір одақтастардың террорлық ұйымдармен ынтымақтастық жасауын түсінудің мүмкін еместігіне назар аударды. 

Президент Ердоған Сириядағы соңғы оқиғалар шеңберінде Түркияның халықаралық заңдардан туындайтын құқықтары аясында ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін қажетті барлық шараны қолданатынын еске салды. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса тақырыпқа байланысты уайымдарды орынды деп санайтынын білдіріп, Түркияның өзін террорлық лаңкестіктерден қорғауының ең табиғи құқығы екенін меңзеді. 

Столтенберг Түркияның НАТО үшін маңызды бір ел екенін айта келе Сирияның солтүстігінде аты аталған күштің құрылуы жөнінде өздерімен ақылдаспағандарын баяндады. 

Йенс Столтенберг проблеманың шешілуі үшін одақтастар арасында ашық диалог болуының маңыздылығына тоқталды. 

 



Ұқсас жаңалықтар