Хаккариде 1 әскер шәйіт болды

Ирак тарапынан PKK-лық террористтер жасаған шабуылда 1 әскер шәйіт болды.

887977
Хаккариде 1 әскер шәйіт болды

Хаккаридің Чукурджа ауданындағы әскери алаңға Ирак тарапынан PKK  террористтер жасаған шабуылда 1 әскер шәйіт болды.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда, Гүвен тауындағы әскери база аймағына бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық террористтер шекараның Ирактағы Кулика тауынан шабуыл жасады.

Тұмсықты зымыранмен жасалған шабуылда шрапнель сынығы тиген қатардағы әскер жарақат алды.

Жаралы әскер тікұшақпен апарылған Хаккари мемлекеттік ауруханасында шәйіт болды.

Аймақта террористтерге бағытталған ауқымды операция жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар