Ынтымақтастық комитеті құрылды

Комитет ынтымақтастық тақырыптарын қадағалайды.

884352
Ынтымақтастық комитеті құрылды

Судан мемлекет басшысы Өмер әл-Бешир Түркия мен Судан ынтымақтастық комитеті құрылуына шешім берді.

Судан ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда,  Др. Авад Ахмет әл Джаз басшылық жасайтын комитет екі ел басшыларының сапарларын жіті бақылайды және ынтымақтастық үрдісіне кедергі келтіретін жағдайларды шешеді.

Комитет айырықша Судан мемлекет басшысына жүйелі түрде есеп беріп отырады.

Президент Режеп Тайып Ердоған өткен ай Суданға үш күндік мемлекеттік сапар ұйымдастырып,  екі ел арасында 21 келісімге қол қойылған болатын.

Сапардың артынан Судан мемлекет басшысы Өмер әл-Бешир Түркиямен сауда айналымын 10 миллиард долларға жеткізуді мақсат еткендерін білдірген еді.



Ұқсас жаңалықтар