Президент Ердоған Темір шіркеудің ашылу рәсімінде сөйледi

Президент Ердоған Темір шіркеудің ашылуын халықаралық қоғамға маңызды бір жолдама екенін атап көрсетті.

883281
Президент Ердоған Темір шіркеудің ашылу рәсімінде сөйледi

Президент Ердоған «Біз діні нанымы мен тегі не болса да баршаның еркін ғибадат жасауын қамтамасыз етудің мемлекеттердің жауапкершілік салаларының бірі екеніне сеніміз» деді.

Ердоған Стамбұл Балаттағы Темір шіркеудің ашылу рәсімінде жасаған баяндамасында «Осындай бір кезеңде бұл ашылу рәсімінің жүзеге асуын халықаралық қоғамға берілген ең маңызды жолдамалардың бірі деп бағалаймын» деді.

Ердоған «Соңғы 15 жылда елімізге қоса, Балкан, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Шығыс Еуропаны қамтитын ауқымды бір жағрапияда5 мыңнан астам тарихи ғимараттың реставрациясы Түркия қосқан үлеспен жүзеге асты» деді.

Ердоған «Стамбұл Темір шіркеудегі ғибадат еркіндігі мен Филибедегі Мурадийе мешітіндегі ғибадат еркіндігін бір-бірінен айырмаймыз. Сол үшін құрметті бауырым Бойконың бүгін Болгария бас мүфтиі Мұстафа Алиш бауырымызды да қасындағы делегация құрамында әкелуі бұл кезеңге болымды үлес қосады» деді.

Ердоған баяндамасында «Соңғы 15 жылда кезеңде елімізде Эдирнедегі Үлкен синагога, Гөкчеададағы Ая Никола шіркеуі, Искендерундағы Сүряни Католик шіркеуі, Диярбакырдағы Сур армян православ шіркеуі, Газиантептегі Низип Февкани шіркеуі, Джундадағы Таксиярхис шіркеуі, Эдирнекапыдағы Ая Йорги шіркеуі бар 14 ғимарат жөндеуден өткізілді. Темір шіркеу бұл жұмыстардың финалы болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар