Премьер-министр Невшехир мен Кыршехирге барды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының Невшехир және Кыршехир қалалық конгрестеріне қатысты.

883104
Премьер-министр Невшехир мен Кыршехирге барды

Невшехир қалалық конгресінде сөз алған Йылдырым Америка Құрама Штаттарындағы Хакан Атилла сотына сілтеме жасап, «Бізге құқық сабағы бергісі келгендер, осы сотпен құқықты жойды» деді.

Премьер-министр Йылдырым «АҚШ-та бір сот қаралуда. Той-думан. Фетуллахшы террор ұйымы мемлекеттік параллельді құрылымы мүшелеріне (FETÖ/PDY) берілген сот төрешілері қабылдаған шешіммен бір сот процесі жүргізілуде. ‘Алдына кімді жіберсе соттап жібер келешегін жарқын болмақ’ дейді. Нақты бір дәлел болмаса да, сіз айыптаудан бас тартпаңыз. Міне мұның аты тәуелсіз құқық деп аталады. Бізге құқық сабағы бергісі келгендер, осы сотпен құқықты жойды. Түркия үлкен бір ел, бір құқық мемлекеті. Ешкім алаяқтықпен бұл елге тізе бүктіре алмайды» деді.

Невшехирде партиясының қалалық филиалында болып өткен 6-шы конгрестің артынан Кыршехирге келген премьер-министр Бинали Йылдырым еңбектерінің нәтижесінде елдің 3 есе өскенін мәлімдеді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым 2018 жылы 170 миллиард долларлық экспортты нысанаға алғандарын білдірді.

Соңғы 15 жылда экспортта ең жақсы екінші жылға қол жеткізгендерін атап көрсеткен Йылдырым «157 миллиард долларлық экспортты артта қалдырып жаңа бір рекорд жаңарттық. 2018 жылы 170 миллиард долларлық бір нысана белгіледік, құдай қаласа сол нысанамызды да жүзеге асырамыз» деді.

Йылдырым адам басына шаққанда ұлттық табыстың 3 мың доллардан 11 мың долларға өскенін атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар