Иран дағдарыстан шығу жолын іздестіруде

Ирандық мамандар экономикалық даму тақырыбында Түркияны үлгі алу керектігін атап өтті.

882071
Иран дағдарыстан шығу жолын іздестіруде

Иран дағдарыстан шығу жолын іздестіруде.

Ирандық саясатшылар мен экономика мамандары мемлекетте соңғы күндерде туылған дағдарыстың астарында экономикалық мәселелер болғанын айтуда.

Иран исламдық еңбек партиясы төрағасы, бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Хүсейін Кемали Анадолы хабар агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Мешхед қаласында 2017 жылы 28 желтоқсан күні басталып, көптеген қалаға тараған шерудің астарында инфляция, валюта бағамының тұрақсыздығы, жұмыссыздық, парақорлық, инфақұрылым олқылықтары, ауа ластығы және құрғақшылық сынды мәселелерддің болғанын айтты. Бұрынғы министр осы мәселелердің тезірек шешілуі керектігін білдірді.

Профессор Мехди Разуки болса, экономикалық даму тақырыбында Түркияны үлгі алу керектігін атап өтті.

Разуки «1980-шы жылдарында Түркияда инфляция 500 пайызға дейін шықты. Ал осы таңда Үлкен 20 тобы елдері арасында орын алған Түркияның экономика дамуындағы тәжірибесінен пайдалануымыз қажет» деген сөздер қолданды. 



Ұқсас жаңалықтар