Ирандағы шерулерді тек қана АҚШ пен Израиль қолдайды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирандағы наразылық шерулеріне тек қана АҚШ пен Израильдің қолдау бергенін атап көрсетті.

880956
Ирандағы шерулерді тек қана АҚШ пен Израиль қолдайды

Миниятр Чавушоғлу Анкарада журналисттермен 2017 жылдың қорытынды жиналысын өткізді. Министр Чавушоғлу Иранда жалғасқан наразылық шерулерінің тез арада тоқтап, елдің тұрақтануын қалағандарын мәлімдеді.

Иранды сынға алған елдердің шынайы және жұп стандарттардан аулақ болу керектігін атап айтқан Чавушоғлу демократияны тілінен түсірмегендердің 2013 жылы Мысырдағы төңкеріске қолдау бергенін атап көрсетті.

Чавушоғлу Иран елбасы Хасан Руханидің халықтың бейбітшіл шеру құқығын қолданған кезде заңдарды бұзбау керектігі жөніндегі мәлімдемесін болымды қабылдағандарын атап, наразылық кезеңінің тез арада аяқталуын үміт еткендерін атап көрсетті.

Түркия мен Еуроодақ қарым-қатынастарына да тоқталған сыртқы істер министрі «Еуроодақ 2018 жылы Түркияны құрметтеп, тепе-теңдік құқығына сәйкес, бағалауын Еуроодаққа мүшелік ережелері аясында жасайтын болса, ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасады. Үстемдік құру кезеңі аяқталды. Еуроодақтың да осыған көзі жетті» деді.

Түркияның Германиямен ынтымақтастығын одан жақсы бір сатыға жеткізгісі келгенін атап айтқан Чавушоғлу «6 қаңтар сенбі күні Германия сыртқы істер министрі Сигмар Габриэльмен кездесеміз. Біздің Германиямен ешбір мәселеміз жоқ. Германия мен кейбір елдердің бізбен мәселесі бар, бізге мәселенің не екенін айтулары керек» деді.

Чавушоғлу «Австрия сыртқы істер министрі Карин Кнеиссл телефон шалды, қарым-қатынастардың бұрын қалпына түсуін қалағандарын білдірді. Стамбұлдағы Үлкен аралға шақырдық, әңгімелесіп көреміз» деді.

2017 жылдың Анкара-Вашингтон арасында мәселеле бір жыл болып өткенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Барлық осыларға қарамастан Америка Құрама Штаттары (АҚШ) НАТО одақтасымыз. Ынтымақтастығымыздың жақсы болуы керек. Бірақ бұл АҚШ-пен байланысты. Бізге артықшылық жасалатын болса оны қабылдамаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар