Түркия Грекияға қатаң наразылық көрсетті

Түркия Грекияға қашып, саяси баспана талап еткен 8 төңкерісшіден біріне саяси баспана берілуіне қатаң наразылық көрсетті.

879022
Түркия Грекияға қатаң наразылық көрсетті

Түркия Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті бастамасының артынан Грекияға қашып, саяси баспана талап еткен 8 төңкерісшіден бірінің арызын қабылдануына қатаң наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Грекияның FETÖ-нің төңкеріс әрекетіне қосылған және Грекияға қашып, саяси баспана сұраған 8 төңкерісшіден біріне баспана құқығы берілгенін атап, «Грекия бұл шешімімен төңкерісшілерді қорғайтын және оларға құшақ жаятын бір ел екенін тағы бір рет көрсетті» делінді.

Түркияда демократиялық тәртіпті нысанаға алған, қауіпсіздік күштері мен бейбіт түрік азаматтарын шәйіт еткен қылмыстылардың әділет алдында есеп беруінің Грекия тарапынан қайтадан алды алынғаны атап көрсетілді. Мәлімдемеде Грекия террор және қылмыспен күрес тақырыбында одақтас бір елден күткен қолда у мен ынтымақтастықты көрсетпей отыр. Саяси себептермен қабылданғанына сенгеніміз бұл шешімнің Грекиямен байланысты екі жақты ынтымақтастық пен аймақтық тақырыптардағы ортақ талпынысымызға күдіксіз ықпал ететін болады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар