АҚШ виза жөнінде кері қадам басты

АҚШ-тың Анкара елшілігі виза жөніндегі шектемені күшінен қалдырғандарын мәлімдеді.

877950
АҚШ виза жөнінде кері қадам басты

АҚШ виза жөнінде кері қадам басты.

Америка Құрама Штаттарының Анкара елшілігі виза жөніндегі шектемені күшінен қалдырғандарын мәлімдеді.

АҚШ 2016 жылы 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетін жасаған Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-мен байланысы анықталған АҚШ-тың Түркиядағы консульдығында жұмыс істеген Метин Топуздың ұсталуынан кейін 8 қазан күні Түркиядан жасалған виза өтініштерін тоқтатқанын жариялаған еді.

Түркия да бұл шешімге бірдей түрде тойтарыс беріп, АҚШ-қа бағытталған виза жұмыстарын тоқтатқанын хабарлаған.

АҚШ-тың Анкара елшілігі қарым-қатынастардың виза қызметтерінің қайтадан басталуына жеткілікті деңгейде жақсартатынына сенгендерін білдірді.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Анкара , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар