Президент Түркия мен Чад іскерлеріне үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның көзқарасының Африканы отарлаушы елдер сияқты емес екенін атап айтты.

876478
Президент Түркия мен Чад іскерлеріне үн қатты

Президент Ердоған Сыртқы экономикалық ынтымақтастықтар кеңесі (DEIK) ұйымдастырған Түркия-Чад іскер форумында түрік және африкалық іскерлерге үн қатты.

Ердоған «Біздің Африкаға көзқарасымыз ешқандай бұл елге отарлауға келгендер сияқты емес. Африка құрлығындағы барлық ынтымақтастығымызды екі жақты құрметтеуді, сүйіспеншілікті, екі жақты табыс ережесін негізге аламыз. Бірге жетілдіруді, бірге басқаруды, бірге баюды армандаған бір түсінікпен қарым-қатынастарымызды жетілдіру талпынысымыз бар» деді.

Ердоған Түркияның әрі Чадқа инвестиция салатын түрік іскерлеріне, әрі Түркияға инвестиция салатын чадтық іскерлерге қолдау беретінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар