Ердоған мен Өмер әл-Бешир ортақ хаттама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Судан елбасы Өмер әл-Бешир ортақ хаттама жариялады.

875993
Ердоған мен Өмер әл-Бешир ортақ хаттама жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Судан елбасы Өмер әл-Бешир ортақ хаттама жариялады.

Ортақ хаттамада Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің құрылуымен нақтылы бір қадам басылғаны түсіндірілді.

Хаттамада Ердоғанның Судан сапарының екі ел арасындағы тарихи, мәдени және әлеуметтік байланыстарға негізделген бауырластық қарым-қатынастардың тереңдеуімен қатар экономикалық және сауда ортақтықтардың күшейтілуі аясында жүзеге асырылғаны білдірілді.

Ердоған сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастарының тіпті жақсы дамуына бір орай болғаны баяндалған хаттамада әсіресе ғылым, технология, өнеркәсіп, егін шаруашылық, білім беру, туризм, радио мен теледидар, кеншілік, сауда және экономика салаларындағы ортақтықтың күшейтілуі мақсатымен келісімдерге қол қойылғаны атап өтілді.

Хаттамада «Сапар барысында Судан елбасы Өмер әл-Бешир әлем деңгейіндегі теңдессіз талпыныстары мен лидерлігіне орай Президент Режеп Тайып Ердоғанға мемлекетінің ең үлкен медалын табыс етті» деген сөздерге орын берілді. 



Ұқсас жаңалықтар