Судан Ұлттық Мәжілісінен президент Ердоған мен Түркияға мақтау

Судандық депутаттар президент Ердоған жүргізген ішкі және сыртқы саясат пен Ислам әлеміне берген қолдауды мақтады.

875247
Судан Ұлттық Мәжілісінен президент Ердоған мен Түркияға мақтау

Судандық депутаттар президент Ердоған жүргізген ішкі және сыртқы саясат арқылы Иерусалим мәселесінен бастап, Ислам әлеміне қатысты тақырыптарда берген қолдауды мақтады.

Ресми сапармен барған Суданда Ұлттық Мәжіліске үн қатқан президент Ердоғанның баяндамасының артынан судандық депутаттар Түркияны аймақтың қауіпсіздігі ретінде көргендерін атап, Түркия-Судан қарым-қатынастарын одан да күшейту керектігін меңзеді.

Судан Ислами Қозғалыс партиясының басшыларының бірі Абдулжелил ен-Незир ел-Карури Әділет және даму партиясы билікке келген 2002 жылдан бері Ердоғанның ішкі саясат пен экономикалық дағдарыстың шешімі тақырыбындағы әдістерін елінің пайдаланғанын атап айтты.

Карури «Судан халқы 13 желтоқсан күні Стамбұлда Ислам Ынтымақтастық Ұйымын жинаған Ердоғанның Иерусалимге берген қолдауын ұмытпайды. Ислам әлемінің мәселелеріне берген қолдауы біздерді де ынталандырды» деді.

Ілгерілеу қозғалысы партиясы төраға орынбасары және депутат Хасан Осман Рызк болса Ердоғанның мұсылмандар арасында сапты жақындастырғанын және Ислам әлемінің мәселелері үшін әлемге қарсы тік тұрғанын атап айтты. Рызк Түркиядағы экономикалық өсу және президент Ердоғанның демократияны қорғауын мақтады.



Ұқсас жаңалықтар