Президент Ердоғанның сөздерін Сербия назарға алады

Министр Мевлүт Чавушоғлу Сербия президенті Александр Вучичтің президент Ердоғанның сөздерін назарға алғанын білдірді.

874533
Президент Ердоғанның сөздерін Сербия назарға алады

6 желтоқсан күні Сербияда болып өткен сыртқы істер министрлерінің жиналысына қатысқан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сербия президенті Александр Вучичпен араларында өткен әңгімені түсіндірді.

Сол әңгімеге қарағанда президент Вучич кейбір тақырыптарда президент Ердоғанның сөйлемдерін назарға алғандарын және сол бағытта қозғалғандарын атап көрсетті.

Чавушоғлу «Босния, Түркия және Сербия сыртқы істер министрлері жиналысы үшін Белградқа бардым. Бұл жиналыс АҚШ-тың Иерусалимді «Израильдің астанасы» ретінде тану шешімінің дәл артынан жүзеге асты. Сербия сыртқы істер министрі біз сияқты шешімді айыптап, қате бір шешім қабылданғанын мәлімдеді. Үштік жиналыстың алдында президент Вучич тарапынан қабылдандым. Сербия президенті маған ‘Негізі біз Сербия ретінде бізге қатысы жоқ мәселелерге араласып, көзқарасымызды білдірмейміз. Бірақ біз енді Режеп Тайып Ердоған не айтатын болса, оған назар аударамыз. Ол не айтатын болса біз де оны орындаймыз, ол не сөйлесе оны сөйлейміз» дегенің мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар