Президент Ердоғанның Африка туры басталды

Президент Ердоған 2 күнге жалғасатын ресми сапары аясында Судан, Чад және Туниске барады.

874472
Президент Ердоғанның Африка туры басталды

Президент Режеп Тайып Ердоған бүгін Суданға, 26 желтоқсан күні Чадқа және 27 желтоқсан күні Туниске ресми сапармен барады.

Саяси кездесулердің артынан ұйымдастырылатын іскер форумдарына қатысуы күтілген Ердоған инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықты жетілдіру және инвестицияларды екі жақты арттыру мақсатты кездесулер өткізеді.

Президенттік аппараттан жасалған мәлімдемеде «Терең тарихи және мәдени ынтымақтастық бар аталмыш үш елде өтетін кездесулерде екі жақты қарым-қатынастар мен ынтымақтастық шаралары қолға алынып, аймақтық және халықаралық жаңалықтар жайлы көзқарас алмасылады» делінді.

Сапарлар барысында бұл елдермен әртүрлі салаларда ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар