"АҚШ қорқыту әдісінен бас тарту керек"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас Ассамблеясының жиналысы алдында мәлімдеме жасады.

872784
"АҚШ қорқыту әдісінен бас тарту керек"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу БҰҰ Бас Ассамблеясында дауысқа салынатын Иерусалим жобасына үлкен қолдау күткендерін атап, «АҚШ-тың шешімі тек қана мұсылмандарды емес, христиандарды да қатты мазасыздандырды» деді.

Министр Чавушоғлу Иерусалим қарар жобасының БҰҰ Бас Ассамблеясында дауысқа салынатынын еске салды.

АҚШ-тың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп қабылдау шешімінің «заңсыз» деп қабылдануы, тіпті АҚШ-тың кері қадам басуы үшін әртүрлі талпынысты ортаға қоятындарын ол бастан айтқандарын атап көрсеткен Чавушоғлу бұл аяда 17 желтоқсан күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Түркия қолдаған бір жоба ұсынылғанын және бұл тақырыпта талпынғандарын түсіндірді.

Чавушоғлу «Нью-Йоркте болып өтетін дауыс беру алдында жалғыз қалған АҚШ қазір қорқыту әдісіне көшті. ‘Сол жердегі барлық өкілдерге, тұрақты өкілдерге хат жолдап, кімге дауыс бергеніңізді жақын қадағалаймыз, мұны президентке білдіреміз және аттарын тіркейміз...’ депті. Аттарын тіркеп не қыласыңдар? Сол елдерді де басып алуға рұқсат бересіз бе, әлде оларды жазалайсыз ба? Енді әлем өзгерді. Мен күштімін, сол үшін менің айтқаным дұрыс түсінігі өзгерді. Қазір әлем заңсыздықтарға бас көтереді. Бұдан әрі ешбір абыройлы ұлт, ешбір абыройлы ел бұл қысымдарға бас имейді. АҚШ қорқыту әдісінен бас тарту керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар