Түркия Йемендегі хоуситтерді айыптады

Түркия Сауд Арабиясының Әр-Рияд қаласына кеше баллистикалық зымыранмен жасалған шабуылды айыптады.

872081
Түркия Йемендегі хоуситтерді айыптады

Түркия Йемендегі хоуситтердің Сауд Арабиясының астанасы Әр-Риядқа кеше жасаған баллистикалық зымыран шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі жасалған жазбаша мәлімдемеде Йемендегі хоуситтердің Сауд Арабиясына жаңа бір зымыран шабуылы жасағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «Аталмыш шабуылды айыптаймыз, шабуылдың Сауд әуе кеңістігінде әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылғаны себепті дос және бауырлас Сауд Арабиясында кезкелген адам мен мүлік шығыны болған жоқ. Бұл бізді қуантты» делінді.

Сауд Арабиясының бас қаласы Әр-Риядқа Йеменнен лақтырылған баллистикалық зымыран әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар