Ердоған Дүниежүзілік босқындар күнінде сөз сөйледі

Ердоған батыс елдерінің босқындарға деген тұғырларына наразылық көрсетті.

871066
Ердоған Дүниежүзілік босқындар күнінде сөз сөйледі

Ердоған батыс елдерінің босқындарға деген тұғырларына наразылық көрсетті.

Режеп Тайып Ердоған шекараларын темір торлармен жауып тастап, өтуге тырысқандарды өліммен қорқытқан батыс мәдениетінің болашағының болмағанын айтты.

Ердоған Дүниежүзілік босқындар күніне орай Анкарада ұйымдастырылған «Анадолы әлемге толған» бағдарламасында сөз сөйледі.

Батыс елдерінің босқындарға деген тұғырларына наразылық көрсеткен Ердоған «Батыс бір адам өлімінің трагедиясы болып табылады. Бір миллион адамның өлімін стратегия ретінде қараған бір түсінікке ие. Олар үшін Сирияда 1 миллион адамның өлуі ешбір мағына білдірмейді. Екінші Дүниежүзі соғысының 60 миллион адамның қаза табуымен аяқталуына қарамастан батыс бірдей қателіктерді қайталауда» деген сөздер қолданды.

Еуропа әкімшілігінде нәсілшіл партиялардың осы географияның болашақтағы апатының хабаршысы екенін білдірген Ердоған «Мигранттардың ақшаларына, мал-мүліктеріне, тіпті балаларына көзін тіккен бір мәдениеттің адам баласына айтар сөзі жоқ» деді. 


Этикеттер: #мигрант , #Анкара , #батыс

Ұқсас жаңалықтар