Соңғы бір аптаның ішінде террор ұйымдарына мың 187 операция жасалды

Мәлімдемеге қарағанда соңғы бір аптаның ішінде террор ұйымдарына бағытталған мың 187 операция жасалды.

870611
Соңғы бір аптаның ішінде террор ұйымдарына мың 187 операция жасалды

Ішкі істер министрлігі ел көлемінде 11-18 желтоқсан күндері арасында жасалған операциялар туралы мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда соңғы бір аптаның ішінде террор ұйымдарына бағытталған мың 187 операция жасалды.

Операцияларда бөлшектеуші террор ұйымына жәрдем мен қамқоршылық жасағаны алға тартылған 148, ДАИШ-пен байланысы бар 75, Фетуллахшы террор ұйымы / мемлекеттік паралеллді құрылымымен (FETÖ/PDY) күрес аясында 575, солшыл террор ұйымдарымен байланысты 24 күдікті тергеуге алынды.

Жоспарлы операцияларда 822 адам террор қылмысымен, 119 адам заңсыз көш және 3 мың 716 адам есірткі және контрабанда қылмыстарынан барлығы 4 мың 657 адам ұсталды.

Операцияларда 9 террорист өлтірілді, 4 террорист тірі ұсталды. 15 террорист болса қауіпсіздік күштеріне берілді.

Министрлік өлтірілген террористтер арасында «Іздеудегі террористтер тізімінде» 1 миллион лира сыйақымен орын алған жасыл категориядағы «Ферхат Йылмаз» лақапты Мұрат Дағ да бар.

Ағры, Батман, Бингөл, Диярбакыр, Мардин, Шырнак, Тунжели және Гиресундағы операцияларда террор ұйымы мүшелері қолданған 81 баспана мен үңгірдегі тұзақталған 18 жарылғыш жойылды.

Қауіпсіздік күштері жарылғыш жасау үшін қолданылған 1 тонна материал, 5 граната, 14 ауыр және ұзақ атымды автомат барлығы 23 қару мен 2 мың 280 дана оқ-дәріні тәркіледі.



Ұқсас жаңалықтар