Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Иерусалим декларациясы жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі әлем мемлекеттерін Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде тануға шақыру жасады.

868100
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Иерусалим декларациясы жариялады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) әлем мемлекеттерін Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы ретінде тануға шақыру жасады.

Әділет және даму партиясы, Республикашыл халық партиясы және Ұлтшыл қозғалыс партиясы тарапынан дайындалған ортақ шақыру декларациясы ТҰҰМ төраға орынбасары Айшенұр Бахчекапылы тарапынан оқылды.

Декларацияда «Ислам ынтымақтастық ұйымы тарапынан бүкіл әлем мемлекеттерін шекаралары 1967 жылы белгіленген және басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимді тәуелсіз Палестина мемлекетінің астанасы ретінде тануға шақырамыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар