АҚШ Түркияның террормен күресуін жақтауда

Америка Құрама Штаттары Түркияның террормен күресуін құптауда.

868453
АҚШ Түркияның террормен күресуін жақтауда

Америка Құрама Штаттары Түркияның террормен күресуін құптауда.

Ақүй Ұлттық қауіпсіздік мәлімдемеішсі генерал Герберт Рэймонд МакМастер Түркия жөніндегі негізсіз сөздеріне түсініктеме жасауға тырысты.

МакМастер мәлімдемесінде АҚШ-тың Сирия және Иракқа тұрақтылық әкелу және әртүрлі террорды жою үшін Түркиямен стратегиялық ортақтық мақсатына үйлесімді әрекет еткенін айтты.

Мәлімдемеші «Түркияның шекара қауіпсіздігін арттыру, Түркия территорияларынан шетелдік жауынгерлердің кіруін тоқтату және Сирияның маңызды аймақтарынан ДАИШ-те тазалау үшін жүргізген еңбектерін қатты мойындаймыз» деді.

Кеше Вашингтондағы бір сессияда сөз сөйлеген АҚШ Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы генерал Герберт Рэймонд МакМастер Түркия туралы қаралау кампания жүргізген еді.

Түркия Сыртқы істер министрлігі болса жасаған жазбаша мәлімдемесінде «Мемлекетіміздің терроризм және радикализммен жан-жақты күрес жүргізгенін Ұлттық қауіпсіздік ақылшысы МакМастер өте жақсы біледі. Ол осы жағдайды біле тұра шындыққа үйлеспейтін негізсіз пайымдаулар жасауда. Оның пайымдауын әсте қабылдамаймыз» деген сөздер қолданылған болатын. 


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар