Министр Чавушоғлу тікелей эфирде АҚШ президентіне наразылық білдірді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ президентінің Иерусалимнің мәртебесімен байланысты шешіміне наразылық көрсетті.

866681
Министр Чавушоғлу тікелей эфирде АҚШ президентіне наразылық білдірді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Стамбұлда Иерусалим күн тәртібімен ертең жиналатын Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) кезектен тыс саммитінде мықты қарсылық беретіндерін атап көрсетті.

Чавушоғлу жекеменшік бір телеарнаның тікелей эфирінде сұрақтарға жауап қайтарды.

Чавушоғлу «Палестинаны тануға шақырамыз. АҚШ қабылдаған Иерусалим шешімін қабылдамағанымызды білдіреміз. Шешімді ‘жоқ’ деп есептейміз. Біз Шығыс Иерусалимді Палестинаның астанасы деп танимыз. 1967 жылдан бұрынғы шекаралар әрине ертеңгі қорытынды хаттамаға түсетін болады» деді.

АҚШ президенті Доналдь Трамптың Иерусалимді «Израильдің астанасы» деп тану шешіміне американдықтардың өзінің таңқалғанын атап көрсеткен Чавушоғлу «Бұл саясаттармен сізді ешкім елемейді. АҚШ қабылдаған шешімнің Израильге пайдасы жоқ. Аймақта дағдарыс туғызды, бұл жағдайды асқындырған бір қадам болды. Біз мұны қабылдамаймыз. Қазір Израиль әкімшілігі палестиналықтарға зұлымдық жасауда» деді.

Чавушоғлу Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығын бағалағанда, Еуроодақтың қаржы жәрдемдерін тоқтату мәселесімен байланысты «100 миллион доллармен бізді қорқытпақшы ма? Сіз алдымен сириялықтар үшін берілген уәдеңізді орындаңыз. Түркия уәдесін орындады. Сириялықтарды асырауда. Бұлар түкке тұрмайтын саясаттар. Еуроодаққа мүше көптеген ел популизм алдында жеңілді. 100 миллион долларды берсең не пайда, бермесең не пайда? Мұны жасау арқылы Түркияны өзіне бағындырмақсыңдар ма? Енді Еуроодақтың абыройы қалған жоқ, өз ішінде де беделін түсірді» деді.

Ресейге Еуроодақ іске қосқан санкциялардың да пайда әкелмегенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Қорқытулар және санкциялардан нәтиже шықпайды. Ресейге санкция жасадыңыз не пайдасын көрдіңіз? Еуроодақтың теңдік сақтауы керек, екіжүзділіктен аулақ жүруге тиісті. Еуропаның жамандығын неге қалайық? Біздің тік тұрғанымызды қаламайды» деді.

Сыртқы істер министрі 1923 жылы қол қойылған Лозанна келісімімен байланысты пікірталастарға тоқталып «Грекияның шекара тұтастығымен байланысты біздің мәселеміз жоқ. Әлі келісімге келмеген аралдар бар. Осында көптеген келісімнің жаңарғанын байқаймыз. Келісімді жаңартуға болмайды деген ереже жоқ. Өзгеріс енгізуге болады. Мысалы еркін сауда келісімі 20 жыл бұрын жасалғанмен қазіргі қажеттіліктерге жауап бере алмайды. Мысалы ‘Түрік’ атауын Батыс Фракия түріктері әлі қолдана алмайды. Лозанна келісімінде орындалмаған жайттар бар. Президентіміз осылардың барлығын қайта қолға алу керектігін айтады» деді.



Ұқсас жаңалықтар