Иерусалим Түркияның қызық сызығы
Ердоған «Иерусалим бірдің алғашқы жүрегіміз. Иерусалим біздің қызыл сызығымыз» деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Иерусалим шешімінің халықаралық құқық,ұждан және аймақтық шындығына үйлеспегенін айтты.
Президент Ердоған Түркия экспортшылар мәжілісі тарапынан ұйымдастырылған Инновация және іскерлер аптасы жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде Израильдің бір жаулаушы ел екенін білдіріп, «Қазір полицияларымен барлық жастар мен балаларды өлтіруде. F-16 соғыс ұшақтарымен Газа секторын бомбалауда. Бір тараптан Палестинаға шабуыл жасауда» деген сөздер қолданды.
Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Иерусалим шешіміне байланысты «Осы мәлімдеме арқылы ең үлкен соққыны АҚШ-тың да мүшесі болған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне жасады. Американың да қол қойған Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1980 жылы жасаған 478 нөмірлі шешімін соңғы мәлімдемемен Америка жойған болды» деді.
Ердоған «Иерусалим біздің көз қарашығымыз. Иерусалим бірдің алғашқы жүрегіміз. Иерусалим біздің қызыл сызығымыз» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған "Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне" орай хабарлама жасады
Президент Ердоған «5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне» орай хабарлама жариялады.
Хакан Фидан Үрімжі мен Қашқарда
Хакан Фидан Қытайға жасаған 3 күндік сапарының соңғы күнінде Үрімжі және Қашқар қалаларына барды.