Президент Ердоған Пәкістан елбасымен телефонда сөйлесті

Басшылар 13 желтоқсан күні өткізілуі жоспарланған ИЫҰ саммитін қолға алды.

863045
Президент Ердоған Пәкістан елбасымен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ әкімшілігі жасаған Иерусалим қаласының мәртебесіне қатысты мәлімдеменің Таяу Шығыстың бейбітшілігі мен тұрақтылығына болымсыз ықпал ететінін атап көрсетті.

Ердоған Пәкістан елбасы Мемнун Хүсейимен телефонда сөйлесті.

Кешкі уақытта жүзеге асқан әңгіме барысында президент Ердоған 1967 жылғы шекараларда астанасы Шығыс Иерусалим болып табылатын Палестина Мемлекеті нің құрылуын көздейтін "екі халыққа екі мемлекет" қағидасы орындалмайынша Таяу Шығыста әділ және тұрақты бір бейбітшіліктің орнамайтынына назар аударды.

Түркияның Иерусалим мәселесімен байланысты 13 желтоқсан күні Стамбұлда кезектен тыс Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) саммитін жинайтындарын атап айтқан президент Ердоған бұл тақырыпта әртүрлі басшылармен телефон дипломатиясы жүргізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар