Ердоған АҚШ-қа ескерту жасады

Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Иерусалим жөнінде АҚШ-қа ескерту жасады.

862927
Ердоған АҚШ-қа ескерту жасады

Президент Режеп Тайып Ердаған Иордания королі ІІ Абдулламен бірге ортақ баспасөз жиналыс ұйымдастырды.

Ердоған ортақ баспасөз жиналысында Иерусалим жөнінде АҚШ-қа ескерту жасады.

Иерусалимнің қасиеті мен тарихи мәртебесін қорғау туралы Иорданиямен бірдей көзқараста болғанын түсіндірген Ердоған «Иорданияның Иерусалимде ойнаған рөліне қатты көңіл бөлеміз. Иерусалимнің мәртебесі жөнінде басылатын қате бір қадам, барша Ислам әлемінде дағдарыстың туылуына себеп болады. Қате қадам бейбітшілікті бұзып, аймағымызда жаңа дағдарыстың, қақтығыстың туылуын алауландырады» деді.

Ердоған Ислам ынтымақтастық ұйымы төрағасы ретінде 13 желтоқсанда Стамбулда саммит ұйымдастыратынын айтты.

Иордания королі ІІ Абдулла да Орташығыста әрқандай бір бейбітшілік келісімі тілге тиек болатын болса, онда барлық аймақтың тұрақтылығын белгілейтінін білдіріп, «Месжид-и Акса мен Хареми Шериф біз үшін өте маңызды» деді. 



Ұқсас жаңалықтар