АҚШ-тың шешімін Түркия қабылдамайды

Йылдырым «Бұл шешім Орташығыстың бейбітшілік процесіне үлкен бір соққы болады» деді.

863037
АҚШ-тың шешімін Түркия қабылдамайды

Йылдырым «Бұл шешім Орташығыстың бейбітшілік процесіне үлкен бір соққы болады» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Америка Құрама Штаттарының Иерусалим жөніндегі шешімін Түркияның қабылдамайтынын айтты. Йылдырым «Бұл шешім Палестина-Израиль бейбітшілік талпыныстарына және Орташығыстың бейбітшілік процесіне үлкен бір соққы болады» деді.

Премьер-министрі Бинали Йылдырым жасаған жазбаша мәлімдемесінде «АҚШ президентінің Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танығаны жайлы мәлімдемесін және осыған байлансты қадамдарды Түркия Республикасы қабылдамайды. Бұл шешім  Орташығыстың бейбітшілік процесіне үлкен бір соққы болып табылады» деген сөздер қолданды.

Бұл шешімді қатал айыптағанын баяндаған Йылдырым былай деді: «Палестина мен Орташығыс бейбітшілігін түбегейлі жоятын бұл шешім үлкен жауапкерсіздіктің үлгісі. Бұл шешімді қатал айыптаймын. Месжид-и Акса болып Иерусалимнің барлық қасиетті мекендерінің мәртебесіне құрмет көрсету керек» деді.

Премьер-министр орынбасары және үкімет мәлімдемешісі Бекир Боздағ та АҚШ Әкімшілігінің Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танығаны жайлы мәлімдемені айыптағанын білдірді.

«Бұл шешім әділетті емес. Әлемге от жаққан бір шешім. Халықаралық құқық пен БҰҰ шешімдеріне қайшы болғандықтан АҚШ-ты айыптаймыз. Біз бұл шешімді қабылдамаймыз» деді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ Әкімшілігінің Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танығаны жайлы мәлімдемені айыптағанын білдірді.

Чавушоғлу әлеуметтік медиа парақшаларынан жариялаған жолдамасында «АҚШ Әкімшілігінің Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танығанын және Израильдегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіретіні жөнінде жасаған жауапкерсіз мәлімдемені үлкен алаңдаушылықпен қарсы алып, айыптаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар