Террористтің мойындауы

Бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы PYD/YPG мен ДАИШ және АҚШ-тың лас қатынастары әшкереленді.

860961
Террористтің мойындауы

Бөлшектеуші террорлық ұйым PKKның Сириядағы жалғасы PYD/YPG мен ДАИШ және Америка Құрама Штаттарының лас қатынастары әшкереленді.

Сирияда бір мезгіл террор ұйымы PYD/PKK-ның жалған ұйымы Сирия Демократиялық Күштерінде мәлімдемеші болғаннан кейін аймақтан қашып кеткен Талал Сило АҚШ-тың террор ұйымына көмегі мен ДАИШ террорлық ұйымымен күрес деген атпен жасалған келісімдер жөнінде Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады.

ДАИШ-тың 1300 содырының қаруларымен бірге Сирияның Ракка аймағынан кетуінің артында АҚШ-тың бастамасымен жүргізілген ДАИШ пен PKK/PYD келісімі жатыр.

Талал Сило АҚШ лауазым иелерінің ДАИШ-тен кету қарымтасы ретінде Дейрузордың мұнайлы аймағын террорлық ұйым PKK-ға қалдыруын сұрағанын айтты.

Бұрынғы террористтің осы мойындаулары АҚШ әкімшілігінің террорлық ұйым PKK/PYD-ге деген шексіз және тергеусіз қолдауын анық көрсетеді.

Мойындауға қарағанда АҚШ-тың ДАИШ-пен күрес халықаралық коалициясындағы арнайы өкілі Бретт МакГурк Вашингтон мен ДАИШ арасындағы келіссөзді өзі жүргізді. Осы келіссөзде өткен ай Мосул, Тель-Афер,  Ракка және Дейрузор жөнінде алты келісім жасалды.

Келісімдер ДАИШ содырларының Раккадан кетуінің қарымтасы ретінде Дейрузордағы мұнай аймақтарын террор ұйымы PKK/PYD-ге қалдыруды көздейді. Нәтижеде террористтер қаруларымен бірге Раккадан шығарылды,  мұнай аймақтары да террор ұйымына YPG/PKK-ға берілді.

Келісім мәтіндеріндегі тарап ретінде маңдайшаға СДК есімі жазылды.

Мәтіндерде ДАИШ террорлық ұйымына «мемлекет» ретінде орын берілді.

Лас одақтастық құжаты ортаға шыққаннан кейін Вашингтон билігі әлі үнсіз отыр.

PKK-ның  PYD/YPG-мен байланысына да тоқталған Сило АҚШ-тың қолдауын алған PYD/YPG-нің нұсқауларын Ирактың Кандил аймаңындағы PKK лидерлерінен алғанын айтты.

Силоның айтуынша АҚШ осы террорлық ұйымдармен байланысын жасыруға тырысуда. Жасыру үшін Сирия Демократиялық Күштері есемін қолдануда.

Сило АҚШ-тың қару мөлшерін ешқашан шектемегенін айтып: «Қашан қару сұрасақ, АҚШ бізге береді.  Осы қаруларды қайда қолданғанымызды да сұрамайтын» деді.

Талал Сило ұйым құрамындағы араб және басқа этникалық топтардың сөз сөйлеуге құқығы жоқтығын, осы топтардың тек көз бояушылық екенін айтты.

Силоның айтуыншағ  аймақтар фрунцуздар да емдеу орталықтарын құрған, жарақат алған террористтер осы орталықтарда емдеген, айырықша француздар террористтерді мергендікке баулыған.



Ұқсас жаңалықтар