Ердоған Агрыдан халыққа үн қатты

Ердоған террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасқанын білдірді.

860494
Ердоған Агрыдан халыққа үн қатты

Ердоған террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасқанын білдірді.

Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Агры қалалық конгресінде жасаған баяндамасында террормен күрестің тұрақтылықпен жалғасқанын білдірді.

Ердоған Сирияда ДАИШ қандай болса, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның бұл жердегі жалғасы YPG-нің де сондай екенін айтты.

81 провинция мен 780 мың шаршы километрлік отан топырағының бір сүйем жеріне ешкімге қол сұқтырмайтынын түсіндірген Ердоған егер кімде кім әрекет жасайтын болса, онда Тендурек, Джуди тауы, Габар және Бестлерде болғандай F-16 соғыс ұшақтарының қатты соққы беретінін айтты.

PYD мен YPG-нің курд бауырларымыздың пайдасы үшін жұмыс істемегендерін білдірген Ердоған Сирияда талай жылдан бері куәлігінің өзі берілмеген күрдттердің құқықтарын қорғағанын білдірді.

Президент Ердоған партиясының Муш қалалық конгресінде жасаған баяндамасында Түркияның келісімі болған Ираннан табиғи газ алғанын еске салып «Бізді Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімдерімен байланыстырады. Түркия БҰҰ шешімдерін орындаған. Біздің істегендеріміз одақтастықтың рухына сәйкес. Осыған қарамастан мемлекетімізге бағытталған айыптаулар ақылға сыймайды» деген сөздер қолданды.

         


Этикеттер: #Түркия , #ДАИШ , #ПКК

Ұқсас жаңалықтар