Кибер қауіпсіздік маңызды

Премьер-министр Бинали Йылдырым кибер қауіпсіздіктің ұлттық қауіпсіздікпен тең екенін айтты.

857620
Кибер қауіпсіздік маңызды

Премьер-министр Бинали Йылдырым кибер қауіпсіздіктің ұлттық қауіпсіздікпен тең екенін айтты.

Йылдырым Netaş компаниясының 50 жылдық шарасында сөйлеген сөзінде: «Кибер қауіпсіздік шараларымызды және жеке мәліметтеріміздің құпиялылығын қамдайтын шараларды кешіктірмей қолдануымыз керек.  Бұл енді ұлттық қауіпсіздігіміздің өзгермес және маңызды факторына айналды.  Кибер қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен тең» деді.

«2023 нысанасына жету үшін экономикалық даму қадамдарын жүзеге асыруымыз шарт. Көбіне ақпараттық технологиялар саласына шоғырлануымыз керек» деді ол.

Йылдырым: «Бірінші басымдығымыз отандық технологияның құны жоғары өнімдерін жетілдіру» деді.

«Отандық компьютерлік бағдарлама жетілдіру платформасына ие болуымыз қажет.  Бұны орындамасақ, шын мағынада технология,  датаға ие болдық деп айта алмаймыз. Бұдан кейінгі басты мақсаттарымыздың басында осындай платформаларды жетілдіру келетін болады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар