Орыс елші қастандығы шеңберінде бір адам тұтқындалды

Хайреттин Айдынбаш Карлов қастандығына байланысты тергеу аясында тұтқындалды.

856689
Орыс елші қастандығы шеңберінде бір адам тұтқындалды

Түркияның бас қаласы Анкарада желтоқсан айында қарулы қастандыққа ұшырап қайтыс болған Ресейдің Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі Андрей Карлов қастандығына байланысты бір адам тұтқындалды.

«Guru» Медиа баспа фирмасының төрағасы Хайреттин Айдынбаш Карлов қастандығына байланысты тергеу аясында тұтқындалды.

Айдынбаш қастандыққа байланысты тергеуді жүргізген Анкара Республика бас прокуратурасы Тәртіпке қарсы жасалған қылмыстармен күрес кеңсесінің прокуроры Адем Акынджыға түсініктеме берді.

Артынан сотқа жолданған Айдынбаш «Жоспарлап адам өлтіруге қатысу» қылмысынан тұтқындалды.

 «Гүндем Ресей» және «Гүндем Еуразия» атты журналдарды басу ісімен айналысатын Айдынбаштың Стамбул Республика бас прокуратурасы тарапынан жүргізілген Фетуллахшы террор ұйымы тергеуі шеңберінде тұтқындаулы екені хабарланды.

Фетуллахшы террор ұйымымен байланысын мойындапғ 2008 жылы осы ұйымнан шыққанын айтқан Айдынбаштың 2012-2013 жылдары қашып жүрген фетуллахшы Өндер Айтачпен телефон арқылы сөйлескені анықталды.

Ресейдің Түркиядағы өкілетті елшісі Андрей Карлов 19 желтоқсан күні Анкарад бір көрменің беташары барысында қарулы қастандыққа ұшырап, қаза тапқан еді.

Осы қастандыққа орай қазірге дейін 3 адам ұсталды.  Олардың екеуі – полиция қызметкері.



Ұқсас жаңалықтар