Ирактың Ассос аймағындағы 41 түйін күйретілді

Түрік Қарулы Күштері террор ұйымына тиесілі 41 түйінді күйретті.

856287
Ирактың Ассос аймағындағы 41 түйін күйретілді

Түрік Қарулы Күштері Ирактың солтүстігіндегі Ассос аймағында бөлшектеуші террор ұйымына тиесілі 41 түйінді кеше ұйымдастырылған әуе операция арқылы күйретті.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігінде орын алған Ассос аймағына кеше түнде кең көлемді әуе операциясы ұйымдастырылып, бөлшектеуші террор ұйымына қатты соққы бергені білдірілді.

Әуе күштері қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтары Ассос аймағында бөлшектеуші террор ұйымдарына тиесілі баспана, қорғаныс бекіністері, үңгір және туннель болып жиыны 41 түйінді жермен-жексен етті.

Әуе операциясына қатысқан ұшақтар мен ұшқышсыз әуе көліктері аман-есен базаға оралды. 



Ұқсас жаңалықтар