Сирия халқы қабылдайтын тұрақты саяси шешімді қолдаймыз

Ердоған Сирия дағдарысында қазіргі жағдайды «Негізгі мақсат – Сирия халқы қабылдайтын тұрақты саяси шешім» деп түсіндірді.

854196
Сирия халқы қабылдайтын тұрақты саяси шешімді қолдаймыз

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирия дағдарысында қазіргі жағдайды «Негізгі мақсат – Сирия халқы қабылдайтын тұрақты саяси шешім» деп түсіндірді.

 Президент Ердоған Ресей президенті Владимир Путин ұйымдастырған Иран президенті Хасан Рухани де қатысқан алдыңғы күні болған үштік саммиттен кейін Сочиден оралып келе жатып ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.

«Сирияның территория тұтастығы және саяси бірлігі жөнінде ортақ келісіміміз бар» деген Ердоған «Сирия Ұлттық диалог құрылтайы мәселесін егжей-тегжейлі қолға алдық. Құрылтайға кім шақырылатынына үш ел бірігіп шешім береді.  Құрылтайға Сириядағы барлық топтардың шақырылуын көздейміз» деді.

Ердоған құрылтайдың бітім және қақтығысты бәсеңдету процесіне үлес қосуын күтетіндерін тілге тиек етіп: «Осында да екі негізгі мақсат бар.  Біріншісі жаңа атазаңның дайындалуы.  Осы тақырыпта келістік.  Екінші мақсат болса БҰҰ бақылауында әділ және ашық сайлау» деді.

Президент «бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның Сириядағы жалғасы  PYD-YPG  саяси үрдіске қосылса,  басқа жоспар бар ма?» деген сұраққа: «Біздің Ә жоспарымыз – террор ұйымының үстелге отырмауы.  Сочиде де анық айттық. Түркия ретінде террорлық ұйыммен бір үстелге отырмаймыз. Путин біздің осы тақырыптағы сезімталдығымызды түсінеді.  Түсінбей отырған – АҚШ пен Коалиция күштері" деп жауап берді. 



Ұқсас жаңалықтар