Түркия Ирактың Тузхурмату ауданындағы шабуылды айыптады

Түркия Ирактың Салахаддин уәлаятына қарасты Тузхурмату ауданында бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылды қатаң түрде айыптады.

852388
Түркия Ирактың Тузхурмату ауданындағы шабуылды айыптады

Жаралы саны көп болғандықтан қаза тапқандар санының арту мүмкін екені білдірілді.

Түрікмен тұрғын саны көп болған Тузхурматудағы шабуылды қазірше ешкім мойындамады.

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Бұл шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Дос және бауырлас Ирак халқына көңіл айтамыз, қаза тапқандарға Алланың рақымшылығы мен жаралылардың тез арада сауығуын тілейміз» делінді.

Тузхурмату ауданында кеше бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 23 адам қаза тауып, 60 адам жараланған болатын.

Қауіпсіздік көздеріне қарағанда бомба тиелген жүк көлігі Тузхурмату ауданындағы Әл-Әскерийе ауданындағы базарда жарылды.



Ұқсас жаңалықтар